
«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында аудан аумағында профилактикалық есепте тұрған азаматтарды бақылау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілуде.
Іс-шара барысында ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған тұлғаларға электрондық бақылау білезіктері тағылып, олармен профилактикалық және түсіндіру сипатындағы әңгімелесулер жүргізілді.
Жалпы аудан бойынша 9 тұлғаға электрондық бақылау құралдары орнатылды. Электрондық құрылғылар аталған азаматтардың белгіленген талаптарды сақтауын бақылауға, сондай-ақ олардың жүріп-тұруына қойылған шектеулердің орындалуын қадағалауға мүмкіндік береді.
Учаскелік полиция инспекторлары электрондық бақылаудағы тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша жағдайын тұрақты тексеріп, профилактикалық есеп талаптарының сақталуын бақылауда ұстайды. Қажет болған жағдайда азаматтарға заңнама талаптарын түсіндіру және құқық бұзушылыққа жол бермеу жөнінде қосымша профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
Электрондық бақылау жүйесін қолданудың негізгі мақсаты – профилактикалық есепте тұрған тұлғалардың белгіленген міндеттерді орындауын қамтамасыз ету, қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту.
Полиция қызметкерлері азаматтармен жеке профилактикалық жұмысты жалғастырып, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша тиісті шараларды тұрақты түрде жүзеге асыруда.
Заң мен тәртіп – қоғам қауіпсіздігінің негізі.
https://www.instagram.com/reel/DcQmxS2Ofmj/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1278084?lang=ru

Жауап қалдыру