
Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын, ойын бизнесіне қатысты заңнамалық шектеулерді сақтау, қызметтік автокөлікті тиімді пайдалану, еңбек тәртібін сақтау және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне жол бермеу, мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға бағытталған қағидаттарды ұстану қажеттігі атап өтілді.
Сонымен қатар, ойын бизнесі және бәс тігуге қатысты қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, қызметтік автокөлікті тек қызметтік міндеттерді орындау кезінде пайдалану қажеттігі ескертілді.
Кездесу барысында еңбек тәртібін сақтау, жұмыс уақыты режимін қатаң ұстану, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысында мемлекеттік қызметшілерге заң талаптарын қатаң сақтау, мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға үлес қосу және қызметтік міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен орындау қажеттігі жеткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-arys/press/news/details/1276734?lang=ru

Жауап қалдыру