
Бүгін Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл «Құлагер» шағын ауданындағы №4 үйдің тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында тұрғындар үйлерді газ желісіне қосу, тұрғын үйлердің сапасы, мектеп мәселесі және жаңа оқу жылы қарсаңында қоғамдық көлік бағытына қосымша автобус шығару жөнінде бірқатар мәселе көтерді.
Қала әкімі тұрғындардың сауалдарын мұқият тыңдап, әр мәселе бойынша тиісті түсініктеме берді.
Ернат Бәзілдің айтуынша, қазіргі уақытта шағын ауданды газ желісіне қосу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. «Құлагердегі» тұрғын үйлерді қыркүйек айында табиғи газға толық қосу жоспарланып отыр.
Тұрғын үйлердің сапасына қатысты айтылған мәселелер бойынша қала әкімі жауапты құрылыс бөліміне әрбір өтінішті қайта қарап, анықталған кемшіліктер бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ қоғамдық көлік мәселесіне байланысты жауапты бөлімге жаңа оқу жылы қарсаңында аталған бағытқа қосымша автобус шығару мүмкіндігін қарастыру тапсырылды.
Бұдан бөлек, тұрғындар көтерген мектеп мәселесіне тоқталған қала әкімі шағын ауданда жаңа мектеп салу жобасы қарастырылғанын жеткізді. Қажетті қаржы бөлінген жағдайда мектеп құрылысын 2027 жылы бастау жоспарланып отырғандығын айтып өтті.
Кездесу соңында қала әкімі тұрғындар көтерген мәселелердің барлығы назарға алынып, олардың орындалуы бақылауда болатынын алуды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/1276406?lang=ru

Жауап қалдыру