
“Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы аясында Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қабылдауға барысында тұрғындар тарапынан Аққозиев көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолын жаңғырту, арық жүйелері, тұрғын үй, қураған талдарды кесу, қоқыс жәшіктерінің орнын ауыстыру секілді мәселелер көтерілді.
Сонымен қатар заңсыз автотұрақтар, жасыл желектерді күтіп-баптау, балалар ойын алаңшаларын жөндеу, қаңғыбас иттерді жою, Менделеев 3-тұйық көшесі, №9 үйдің алдына асфальт төсеу және өзге де әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы мәселелер бойынша сауалдар қойылды.
Қала әкімі өз кезегінде барлық мәселе назарға алынып, жоспарға сай кезең-кезеңімен шешімін табатынын жеткізді

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1278104?lang=ru

Жауап қалдыру