
Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ернар Мейрамбекұлы Базаров жеке құрамға саптық жиын өткізді. Тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау мен алдын алуды күшейтуге, сондай-ақ жол қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтар фактілерін анықтауға және жолын кесу мақсатында тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет етеді.
– Қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында біз қызметтің күшейтілген түрінде қызмет атқарып, азаматтарға қауіпсіздікті қамтамасыз үшін барлық шараны жүргізетін боламыз. Жеке құрам тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде, жалпы, тұтастай аудан аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында тиісті жұмыстар атқарады, – деді Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ернар Мейрамбекұлы Базаров.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1278230?lang=ru

Жауап қалдыру