
Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Төтенше жағдайлар министрлігінің Мартбек Мамраев атындағы №52859 әскери бөлімінде күрделі жөндеуден кейін казарма ғимаратын пайдалануға беру рәсіміне қатысты.
№52859 әскери бөлімі азаматтық қорғау және төтенше жағдайларға ден қою саласындағы міндеттерді орындайтын ТЖМ бөлімшелерінің бірі болып табылады. 1967 жылы салынған казарма әкімшілік-тұрмыстық корпус ғимаратында орналасқан. Инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңарту аясында мұнда республикалық бюджет қаражаты есебінен күрделі жөндеу жүргізілді.
Жаңартылған казармада мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер үшін заманауи әрі жайлы жағдайлар жасалды. Тұрғын және тұрмыстық бөлмелер жөнделіп, жеке құрамның демалысы, оқу-жаттығуы және күнделікті тұру жағдайлары жақсартылды.
Министр жаңартылған бөлмелерді, олардың функционалдық мүмкіндіктерін және әскери қызметшілер үшін жасалған жағдайларды аралап көрді.
Министрдің айтуынша, әскери бөлімдердің инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасын табады. Негізгі міндет әскери қызметшілерді қазіргі талаптарға сай заманауи әрі қауіпсіз қызмет жағдайларымен қамтамасыз ету болып табылады.
Іс-шара барысында жобаға үлес қосқан және оны іске асыруға атсалысқан әскери қызметшілер мен азаматтарға ведомстволық наградалар табысталды.
Сонымен қатар әскери бөлім аумағында 48 пәтерден тұратын офицерлер құрамы үйі орналасқан. Әскери қызметшілердің тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында пәтерлердің бірінде жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
Министр әскери қызметшінің көпбалалы отбасы тұратын пәтерге барып, жөндеу нәтижелерімен және отбасы үшін жасалған тұрмыстық жағдайлармен танысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1278310?lang=ru

Жауап қалдыру