Қазақстан мен Германия инвестициялық ынтымақтастық пен инвесторлардың құқығын қорғау мәселелерін талқылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Бауыржан Ералы Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы елшісінің тұрақты орынбасары, елшіліктің экономика бөлімінің басшысы Ульрих Киннемен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың перспективаларын және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау мәселелерін талқылады.

Комитет төрағасы инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді, әкімшілік кедергілерді анықтау және жоюды, сондай-ақ инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы дауларды сотқа дейін реттеудің жаңа тетігін қоса алғанда, инвесторлардың құқығын қорғаудың қолданыстағы механизмдері туралы айтып берді.

Өз кезегінде, Ульрих Кинне неміс тарапының экономикалық байланыстарды одан әрі дамытуға және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға мүдделі екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық ахуал, инвесторлардың құқығын қорғау және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері бойынша одан әрі өзара іс-қимыл жасауға және ақпарат алмасуға мүдделі екенін атап өтті. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzpi/press/news/details/1278067?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді