Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№ 56 мекеме» РММ-не барып, сотталған азаматтармен кездесу өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 13 тамыз күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№ 56 мекеме» РММ-не барып, сотталған азаматтармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қағидаттары туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы өкілеттіктері және Ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) негізгі міндеттері таныстырылды. Сотталған азаматтарға құқықтары бұзылған жағдайда Адам құқықтары жөніндегі уәкілге жүгіну тәртібі түсіндірілді.

Кездесу соңында сотталған азаматтардың сұрақтары тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде жауаптар берілді. Адам құқықтарын сақтау және қорғау – заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңызды негізі. Әрбір адамның құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеу – құқықтық мемлекеттің басты қағидаттарының бірі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1278020?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді