Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов, ҚР ІІМ ҚАЖК-нің №53 мекемесінің басшысы Н. Мейірманкуловпен және Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№7 қалалық емхана» МКК-ның басшысы Н. Жанабаевпен бірлесе сотталушыларды жеке қабылдау жұмыстарын жүргізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 11 тамыз күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов, ҚР ІІМ ҚАЖК-нің №53 мекемесінің басшысы Н. Мейірманкуловпен және Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№7 қалалық емхана» МКК-ның басшысы Н. Жанабаевпен бірлесе сотталушыларды жеке қабылдау жұмыстарын жүргізді.

Жеке қабылдау барысында сотталған азаматтардың өтініштері мен арыз-шағымдары тыңдалып, олардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты мәселелер жан-жақты қаралды.

Сонымен қатар, сотталған азаматтардың денсаулықтарына қатысты қажетті медициналық тексерулер ұйымдастырылып, тиісті медициналық көмек көрсету және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданатыны туралы сөз қозғалды.

Кездесу қортындысы бойынша сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету және көтерілген мәселелерді шешу бойынша тиісті жұмыстар жүргізу қажеттігі атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1278002?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді