Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов және Сараптамалық кеңес мүшесі, Үйлестіру кеңесінің мүшесі Д. Киргизбаева «Миграцияны басқарудың негіздері: мигранттарға көмек көрсету, тиімділігін бақылау және бағалау» тақырыбындағы семинар-тренингке қатысты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 18 тамызда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов және Сараптамалық кеңес мүшесі, Үйлестіру кеңесінің мүшесі Д. Киргизбаева «Миграцияны басқарудың негіздері: мигранттарға көмек көрсету, тиімділігін бақылау және бағалау» тақырыбындағы семинар-тренингке қатысты.

Семинар-тренинг барысында Қазақстандағы көші-қон саласының қазіргі жағдайы, Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) мен серіктестер арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар мигранттармен жұмыс істеудегі ХКҰ стандарттары мен озық тәжірибелері, мигранттардың қажеттіліктері мен талаптарын анықтау және ескеру, оларға тиімді көмек көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Бұдан бөлек, адам саудасына қарсы іс-қимыл, адам құқықтарын қорғау және осы бағыттағы мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өзара іс-қимылы жан-жақты қарастырылды.

Семинар барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, көші-қон мәселелерін тиімді басқару, мигранттардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ адам саудасының алдын алу бағытындағы бірлескен жұмыстың маңызын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1278024?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді