
2026 жылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезовтың қатысуымен азаматшаның арызы бойынша бірлескен жеке қабылдау өткізілді.
Бірлескен қабылдауға Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы, Әділет департаменті, Қаратау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ өкілдері қатысты.
Қабылдау барысында азаматшаның арызында көрсетілген мәселелер жан-жақты қаралып, оған қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес құқықтық түсіндірмелер берілді. Сондай-ақ азаматшаның бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жолдары бойынша тиісті мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесе талқылап, арыз иесіне шағымдағы көрсетілген мән-жайлар бойынша оңтайлы шешім қабылданатыны жеткізілді.
Аталған жұмыс Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заңның 13-бабына сәйкес шағымдарды қарау және 14-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік органдар өкілдерін шақыра отырып, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру өкілеттіктері шеңберінде жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1278021?lang=ru

Жауап қалдыру