
Астана, 2026 жылғы 21 тамыз – Қазақстан Республикасы мен Конго Демократиялық Республикасының сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялардың бірінші раунды өтті.
Консультациялар барысында Азия департаментінің директоры Бейбіт Құлатаев қазақ-конголық саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелерін, шарттық-құқықтық базаны кеңейтуді, сондай-ақ Конго Демократиялық Республикасының Президенті Феликс Чисекедидің 2025 жылы Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын талқылады.
Екіжақты тауар айналымының оң динамикасы, сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі арттыру әлеуеті атап өтілді.
Консультациялар қорытындысы бойынша тараптар сыртқы саяси ведомстволар арасындағы тұрақты диалогты қолдауға және саяси консультацияларды тұрақты негізде өткізуге уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1278288?lang=ru

Жауап қалдыру