Қоғамдық қауіпсіздікке басымдық: Қызылордада гарнизондық жиын өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылорда облысының Полиция департаментінде жеке құрамның қатысуымен гарнизондық жиын өтті.

Гарнизондық жиынды Департамент бастығы полиция полковнигі Ергешов Серік Жүрсінбайұлы өткізді.

Жиын барысында облыс аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы қызметтің негізгі міндеттері пысықталды.

Қазіргі уақытта республика көлемінде өткізіліп жатқан «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Осы бағытта полиция қызметкерлері облыс көлемінде құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау, жол қозғалысы ережелерінің бұзылуына жол бермеу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Гарнизондық жиын барысында Департамент басшылығы тарапынан жеке құрамға қызметтік міндеттерін орындау кезінде заңдылық талаптарын қатаң сақтау, азаматтармен сыпайы әрі мұқият қарым-қатынас жасау және қызметтік әдеп нормаларын басшылыққа алу қажеттігі атап өтілді.

Сонымен қатар жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу және орын алған құқық бұзушылықтарға уақтылы ден қою бойынша нақты тапсырмалар берілді.

«Алдымызда тұрған негізгі міндет – облыс аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Әрбір қызметкер өзіне жүктелген міндетті нақты түсініп, кез – келген жағдайға жедел әрі кәсіби түрде ден қоюы тиіс. Қызмет барысында заңдылықты сақтау мен азаматтардың құқықтарын қорғау басты орында болуы керек, – деді Департамент бастығы полиция полковнигі Ергешов Серік.

Гарнизондық жиыннан соң полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызметтеріне кірісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1277762?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді