
Қоқиқазды алыстан-ақ тануға болады. Ұзын аяқтары, иілген мойны және қызғылт қауырсыны оны басқа құстардан бірден ерекшелейді.
Бір қызығы, қоқиқаз дүниеге келгенде қызғылт болмайды. Оның қауырсыны уақыт өте келе қорегінің құрамындағы табиғи пигменттердің әсерінен қызғылт реңкке енеді.
Қоқиқаздар көбіне үлкен топ болып жүреді. Ал ұшқан кезде қанаттарындағы қара және қызғылт түстер анық көрініп, суда жүрген сабырлы құс мүлде басқа кейіпке енеді.
Қоқиқаз Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Сондықтан бұл әсем құсты ғана емес, ол мекендейтін табиғи аумақтарды сақтау да маңызды.
Қызғылт түсі — әдемілік. Ал табиғаттағы орны — одан да құнды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1277295?lang=ru

Жауап қалдыру