
Қостанай қаласында жас жол инспекторларының XXI республикалық слетінің салтанатты жабылу рәсімі өтті.
Слеттің басты қорытындысы жүлделі орындар үшін күрес қана емес, қатысушылар арасындағы шынайы достық болды.
Слеттің халықаралық бөлігінің қорытындысы бойынша ТМД елдерінің барлық командалары I орын дипломдарымен марапатталды. Бұл нәтиже әртүрлі елдердің жас инспекторлары арасындағы бірлік, өзара құрмет пен достықтың символына айналды.
Қазақстан командалары арасында орындар келесідей бөлінді: I орын — Алматы қаласының командасы, II орын — Шығыс Қазақстан облысының командасы, III орын — Батыс Қазақстан облысының командасы.
Барлық бала жоғары деңгейдегі дайындықтарын, жол қозғалысы ережелерін жақсы меңгергендерін, командалық рух пен жеңіске деген ұмтылыстарын көрсетті. Әрбір байқау қатысушыларға өздерінің дағдыларын ғана емес, жауапкершілігін, тәртібін және құрдастарына үлгі болуға дайын екенін көрсетуге мүмкіндік берді.
Салтанатты рәсімнің ерекше сәттерінің бірі — слеттің символдық туын табыстау болды. Қостанай облысының командасы слет дәстүрін жалғастырып, жас жол инспекторларының символдық эстафетасын келесі жеңімпаз команда өкілдеріне салтанатты түрде табыстады.
Балалар үшін бұл слет — жай ғана жарыс емес. Бұл — достыққа, жауапкершілікке, командалық жұмысқа және қауіпсіздікке тәрбиелейтін мектеп. Алған білімдері мен тәжірибелері балаларға жол қозғалысы ережелерін одан әрі сақтауға, жолда мұқият болуға және өз үлгісімен қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1277786?lang=ru

Жауап қалдыру