ҚР Денсаулық сақтау министрлігі алқасының қорытындысы: Қостанай облысы-көшбасшылар қатарында

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысы өтті, онда ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың төрағалығымен 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы денсаулық сақтау жүйесінің қызметі бойынша қорытынды шығарылды.
Алқа жұмысына өңірлер әкімдерінің орынбасарлары мен облыстардың денсаулық сақтау басқармаларының басшылары қатысты.
Отырыс барысында денсаулық сақтау жүйесін дамытудың негізгі мәселелері, оның ішінде жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасы, туберкулезден болатын сырқаттанушылық пен өлімді азайту шаралары, денсаулық сақтау ұйымдарын жаңа оқу жылына дайындау, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру қаралды.
Қоғамдық денсаулықтың негізгі ұлттық индикаторларына қол жеткізуге ерекше назар аударылды.
2026 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысы республика көшбасшыларының қатарына енді. Қол жеткізбеу тәуекелі аймағындағы көрсеткіштердің үлесі 12,5% -ды құрады – 24 көрсеткіштен 3-еу. Осы көрсеткіш бойынша облыс Алматы қаласымен 1-ші орынды бөлісті.
Бұл ретте айтарлықтай оң динамика байқалады: бұрын тәуекел аймағында 21 көрсеткіштің 10 -ы (50%), бүгінде – 24 көрсеткіштің тек 3-і (12,5%) болған.
Оң динамика облыстың медициналық ұйымдарының жүйелі жұмысының, көрсеткіштер мониторингін күшейтудің, басшылардың дербес жауапкершілігінің және әрбір бағыт бойынша нақты шараларды іске асырудың нәтижесі болды.
Алқа қорытындысы бойынша денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін, халыққа медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған әрі қарайғы міндеттер айқындалды.
Қостанай облысы қоғамдық денсаулықтың негізгі көрсеткіштерін жақсарту және қол жеткізілген нәтижелерді сақтау бойынша жұмысты жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-densaulyk/press/news/details/1277504?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді