
Құрметті Ақмола облысы Сандықтау ауданы Сандықтау ауылдық округінің тұрғындары!
Ақмола облысының Сандықтау ауданы Сандықтау ауылдық округінің азаматтардың құқықтық сауаттылығын және мәдениетін арттыру мақсатында халықтың қолданыстағы және талқылаудағы нормативтік құқықтық актілерімен танысу үшін ақпараттық жүйеге қолжетімділігімен «құқық кабинеттері», «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» қызмет атқарады.
«Құқық кабинеттері», «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарға, оның ішінде: «Әділет»ААЖ, НҚА эталондық бақылау банкі, «Заң» деректер базасы, «Ашық НҚА» порталы, «eGov», «e-Өтініш», «ZANKomegi» және «Тараптар кабинеті» жүйелеріне қолжетімділік қамтамасыз етілген.
«Құқық кабинеттерінің» «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» халыққа құқықтық және ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсету үшін қажетті жарамды компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған.
Құрметті азаматтар Сандықтау ауылдық округінің құқықтық сұрақтар туындаған кезде Сіз Орталық көшесі, 34 мекенжайы, жұмыс уақыты 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін) бойынша көрсетілген құқықтық кабинетті қолдана аласыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand-sandyktau/press/news/details/1276608?lang=ru

Жауап қалдыру