«Қызылжар су» ЖШС нысанында қызметкерлердің дайындық деңгейі тексерілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мемлекеттік инспекторларының қатысуымен «Қызылжар су» ЖШС-нің қауіпті өндірістік нысанында оқу-жаттығу дабылы өткізілді. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – нысанда авариялық жағдай туындаған кезде қызметкерлердің жедел әрі үйлесімді әрекет етуге дайындығын тексеру, сондай-ақ нысанның қызметтері мен авариялық-құтқару бөлімшелерінің өзара іс-қимылын жетілдіру.

Оқу-жаттығу барысында хлордың шартты түрде сыртқа таралуына байланысты авариялық жағдайдың сценарийі пысықталды. Нысан қызметкерлері аварияны оқшаулау, хлордың таралу салдарын жою және шартты түрде зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсету бойынша іс-шараларды орындады. Қызметкерлер аварияларды жою жоспарына және оқу-жаттығуды өткізуге бекітілген бағдарламаға сәйкес әрекет етті. Дабылдың дер кезінде берілуіне, қызметкерлердің іс-қимылдарын үйлестіруге және авариялық-құтқару бөлімшелерімен өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.

Нәтижесінде қойылған міндеттер толық орындалып, шартты авариялық жағдай жойылды. Іс-шара қызметкерлердің авария туындаған жағдайда әрекет етуге дайындығын бағалауға және өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1276437?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді