
Бүгін ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіровтің басшылығымен ОСК мүшелерінің Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды байқау үшін елімізге келген халықаралық байқаушылар миссияларымен кездесулері жалғасуда.
Күннің бірінші жартысында Нұрлан Әбдіров ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясынан келген байқаушылар тобымен кездесті. Бұл топқа ҰҚШҰ ПА жауапты хатшысы Сергей Поспелов жетекшілік жасайды.
Сонымен қатар ҚР ОСК Төрағасы Қырғызстан Республикасы Сайлау және референдум өткізу жөніндегі Орталық комиссияcының Төрағасы Тынчтык Шайназаровпен кездесті.
Нұрлан Әбдіров сондай-ақ Тайландтың Сайлау комиссиясының делегациясымен кездесті. Делегация құрамында аталған ведомство мүшелері Ситтичот Интарависес пен Чай Накхончай бар.
Нұрлан Әбдіров Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысы Республика Кеңесі Төрағасының орынбасары – топ үйлестірушісі, Игорь Брилевич бастаған ТМД Парламентаралық Ассамблеясының байқаушылар тобымен кездесуде сайлауды өткізуге дайындық барысы туралы айтып берді.
Ал күннің екінші жартысында ОСК ғимаратында Нұрлан Әбдіровтің Әзербайжан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Мазаир Панаховпен кездесуі өтті.
Сондай-ақ Нұрлан Әбдіров Армения Республикасының Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Ваагн Овакимянмен жүздесті.
Кездесулер барысында Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы байқау миссияларының мүшелеріне Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформа туралы жан-жақты айтып берді. Оның нәтижелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Құрылтайын қалыптастыру болып табылады. Ол бұл бір сәттік шешім емес, соңғы жылдары елде дәйекті түрде жүзеге асырылып келе жатқан саяси жаңғырту бағытының заңды жалғасы екенін атап өтті.
Сонымен қатар ол Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы жұмысының ашықтығы, алдағы сайлауға дайындық барысы, сондай-ақ ОСК мүшелерінің еліміздің барлық өңірлеріндегі сайлау учаскелеріне жасаған инспекциялық сапарларының нәтижелері туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді. Нұрлан Әбдіров сайлаушыларға дауыс беру тәртібі, үйде, шетелде, сондай-ақ есептен шығару куәлігін пайдалана отырып, басқа елді мекендерде дауыс беру мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру жұмысына ерекше тоқталды.
Халықаралық байқаушыларды жұмысты ұйымдастырудың инновациялық әдістері, атап айтқанда, Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында Sailau AI ЖИ-көмекшінің қолданылуы және азаматтарға өздерінің сайлау учаскелерін іздеу мүмкіндіктері туралы ақпарат беретін цифрлық арналар қызықтырды.
Осыған байланысты Нұрлан Әбдіров байқаушылар миссияларының мүшелерін Қазақстанның жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және инновациялық экожүйесінің даму деңгейі айшықтайтын Аlem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығының жұмысымен танысуға шақырды. Ол орталық жұмысын көру Қазақстанның технологиялық әлеуетімен және еліміздің цифрлық трансформацияға қатысты заманауи тәсілдерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік беретін қызықты әрі пайдалы мүмкіндік болатынына сенім білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/election/press/news/details/1278313?lang=ru

Жауап қалдыру