Салықтарды төлеуді кейінге қалдыру және бөліп төлеу: салық төлеуші нені білуі қажет

Жарияланды:

Автор:

категорияда

📢 САЛЫҚТАРДЫ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ ЖӘНЕ БӨЛІП ТӨЛЕУ: САЛЫҚ ТӨЛЕУШІ НЕНІ БІЛУІ ҚАЖЕТ

Салық міндеттемесін уақтылы орындай алмайсыз ба? Заңнамада көзделген жекелеген жағдайларда салықтарды, төлемдерді және өсімпұлдарды төлеу мерзімін өзгертуге мүмкіндік беріледі.

🔹 Кейінге қалдыру дегеніміз не?

Кейінге қалдыру — салықтарды, төлемдерді және (немесе) өсімпұлдарды төлеу мерзімін неғұрлым кейінгі мерзімге ауыстыру және бүкіл соманы біржолғы төлеу.

⏳ Кейінге қалдыру мерзімі — 6 айға дейін, ал көлденең мониторингке қатысушылар үшін — 12 айға дейін.

🔹 Бөліп төлеу дегеніміз не?

Бөліп төлеу — тиесілі сомаларды кезең-кезеңімен, тең үлестермен төлеу мүмкіндігін беру.

⏳ Бөліп төлеу мерзімі — 36 айға дейін, ал көлденең мониторингке қатысушылар үшін — 12 айға дейін.

👤 Кімге кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу берілуі мүмкін?

Қаржылық жағдайы салықты белгіленген мерзімде төлеуге мүмкіндік бермейтін, алайда кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу берілетін мерзім ішінде оны төлеу мүмкіндігі пайда болады деп пайымдауға жеткілікті негіздері бар салық төлеушіге берілуі мүмкін.

📌 Негіздерге, атап айтқанда, мыналар жатады:

🔸 еңсерілмейтін күш мән-жайлары салдарынан келтірілген залал;
🔸 тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді өндірудің және (немесе) өткізудің маусымдық сипаты;
🔸 жеке тұлғаның мүліктік жағдайы салықты біржолғы төлеу мүмкіндігін болдырмауы;
🔸 берешекті қайта құрылымдау рәсімін жүргізу;
🔸 қызметтің стратегиялық маңызы бар экономика саласына жатқызылуы;
🔸 қосымша салық есептілігін ұсыну;
🔸 салық төлеушінің тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтар және (немесе) төлемдер сомаларымен келісуі.

⚠️ Маңызды!

Кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу салықтар мен төлемдердің барлық түрлеріне қолданылмайды. Заңнамада тиісті ерекшеліктер көзделген.

Сонымен қатар, салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту, заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, салықтарды уақтылы төлемегені үшін өсімпұл төлеуден босатпайды.

🛡️ Салық төлеушінің санатына қарай кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу мүлікті кепілге қоймай және банк кепілдігінсіз немесе мүлік кепілімен және (немесе) банк кепілдігімен берілуі мүмкін.

Кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу шарттарын сақтаңыз!

Салықтарды, төлемдерді және (немесе) өсімпұлдарды белгіленген төлеу мерзімін 5 жұмыс күнінен астам уақытқа бұзған жағдайда, кейінге қалдырудың немесе бөліп төлеудің қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.

📌 Кейінге қалдырудың (бөліп төлеудің) қолданылуы тоқтатылғаннан кейін салық органы берешекті өндіріп алу бойынша заңнамада көзделген шараларды қабылдайды, оның ішінде кепілге қойылған мүлікке өндіріп алуды қолданады немесе банк кепілдігі бойынша талап қояды.

💡 Ең бастысы: кейінге қалдыру және бөліп төлеу — заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда салық төлеушіге салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгертуге мүмкіндік беретін механизм.

📲 Сұрақтар туындаған жағдайда нақты жағдайды ескере отырып, толық түсіндірме алу үшін тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына немесе Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Берешекпен жұмыс басқармасына жүгінуді ұсынамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1277135?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді