
Жаңа оқу жылының қарсаңында Сандықтау ауданында дәстүрлі Тамыз педагогикалық конференциясы өтті.
Конференцияда аудан әкімі Серік Құдабай құттықтау сөз сөйлеп, педагогтарға кәсіби шеберлігі, жауапкершілігі және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосып жүрген үлесі үшін алғыс білдірді.
Конференция барысында 2025–2026 оқу жылының қорытындысы шығарылып, жаңа оқу жылына арналған негізгі міндеттер айқындалды.
Күн тәртібінде бес басым бағытқа ерекше назар аударылды:
🔹 Білім беру сапасын арттыру — білім беру үдерісін жетілдіру және оның нәтижелілігін арттыру.
🔹 Цифрлық трансформация — педагогтардің цифрлық құзыреттілігін дамыту, оқыту үдерісінде технологиялар мен жасанды интеллектіні тиімді қолдану.
🔹 Баланың құқықтарын қорғау — әрбір оқушы үшін қауіпсіз, әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру.
🔹 Тәрбие жұмысы — оқушының тұлғалық қасиеттерін, азаматтық жауапкершілігін және отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.
🔹 Адами капиталды дамыту — өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына және оның әлеуетін толық ашуына жағдай жасау.
Сонымен қатар педагогтар қауымына азаматтық ұстанымды белсенді танытып, жастардың бойында азаматтық міндеттеріне жауапкершілікпен қарау сезімін жеке үлгісі арқылы қалыптастыру жөнінде ұсыныс айтылды.
Тамыз конференциясы оқу жылының қорытындысын шығарып қана қоймай, жаңа оқу жылына ортақ бағыт-бағдарды айқындайтын маңызды алаңға айналды. Оның басты мақсаты — заманауи, әрі сапалы білім беруді қамтамасыз ету және балаларымыздың жарқын болашағына жол ашу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1277483?lang=ru

Жауап қалдыру