Сарыөзек ауылдық округінде көшелерге көше атауы және нөмірі жазылған тақтайшалар ілу жұмыстары жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарыөзек ауылдық округінде көшелерге көше атауы және нөмірі жазылған тақтайшалар ілу жұмыстары жалғасуда. Көше атауларын ілу және беру – елді мекендерді жүйелеу, тұрғындар мен қонақтардың бағдарлауын жеңілдету, сондай-ақ тарихи-мәдени мұраны дәріптеу мақсатында жүзеге асырылады.

🔷️Бағдарлау және қызмет көрсету:
-мекенжайды жылдам табуға мүмкіндік береді;
-жедел жәрдем, өрт сөндіру, полиция және курьерлік қызметтердің қажетті мекенжайға тез жетуін қамтамасыз етеді;
-тұрғындардың құжат рәсімдеуіне және пошта қызметтерін пайдалануына қолайлы жағдай жасайды.

🔷️Тарихи және тәрбиелік мәні:
-елге еңбегі сіңген тарихи тұлғалардың есімдерін ұлықтап, олардың өнегесін кейінгі ұрпаққа жеткізеді;
-жастардың бойында отансүйгіштік пен ұлттық сананы қалыптастыруға ықпал етеді;
-ұлттық құндылықтар мен тарихи-мәдени мұраны насихаттайды.

Осы жұмыстар елді мекеннің көркін жақсартып қана қоймай, тұрғындарға қолайлы әрі жүйелі орта қалыптастыруға маңызды үлес қосады.

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-saryozek/press/news/details/1276667?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді