Саябақ — демалыс үшін, көлік жүргізу үшін емес

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Instagram парақшаларының бірінен Павлодар қаласындағы Металлургтер саябағы аумағында орын алған жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды. Видеожазбада Kia K5 маркалы автокөлік жүргізушісінің жаяу жүргіншілерге арналған тротуармен қозғалғаны көрінеді. Сонымен қатар дәл осындай заң бұзушылықты Газель автокөлігінің жүргізушісі де жасаған.
– Құқық бұзушылар анықталды. Жаяу жүргіншілер жолдарымен, жол жиектерімен және тротуарлармен қозғалғаны үшін жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Жандос Байкенов.
Айта кетейік, жыл басынан бері осындай құқық бұзушылықтар үшін 370 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Полиция ескертеді: саябақтар мен басқа да қоғамдық орындар, ең алдымен, азаматтардың қауіпсіз демалысына арналған. Жүргізушілер Жол жүрісі қағидаларының талаптарын қатаң сақтап, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне құрметпен қарауы қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1277196?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді