
Полицейлердің айтуынша, Петропавлдағы №4 мектеп — жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда тиімді жұмыс жүргізіп отырған білім беру ұйымдарының бірі. Оның басты себебі — оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарға, әсіресе спортқа кеңінен тартылуы.
Бүгін дәл осы жерде қаланың бірнеше мектебі оқушылары арасында футболдан аймақтық жарыс өтті. Жарысқа қатысушыларды педагогтер мен демеушілермен бірге Петропавл қаласы полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов та құттықтады. Ол спорттың оқушылардың денсаулығын нығайтып, тәртіп қалыптастырудағы маңызын атап өтті.
Алаң иелерінің жігері мен жеңіске деген ұмтылысы өз нәтижесін берді. №4 орта мектептің командасы бірінші орын алды. Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру — құқық бұзушылықтың алдын алудың сенімді тәсілдерінің бірі. Полицейлер бұл оң тәжірибені кеңейтуді жоспарлап отыр. Жаңа оқу жылының басынан тәртіп сақшылары балаларды сабақтан тыс жұмыстарға тартуға белсенді түрде атсалысады. Қазір осы бағыттағы жоба білім беру саласының қызметкерлерімен бірлесіп әзірленіп жатыр.
Полицейлер тек ұсыныс берумен шектелмей, оқушыларды өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін қолжетімді клубтар, үйірмелер мен секцияларға белсенді түрде тартуды жоспарлап отыр. Жобаны іске асыру жаңа оқу жылының басына жоспарланған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1278218?lang=ru

Жауап қалдыру