
Маңғыстау облысындағы су айдындарындағы қауіпсіздік жағдайын бақылау мақсатында Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы арнайы жұмыс сапарымен өңірге келіп, рейдтік-профилактикалық іс-шараға қатысты.
Тексеру барысында шағын көлемді кемелердің жүру тәртібі, жүргізушілердің қауіпсіздік талаптарын сақтауы, қажетті құжаттары мен құтқару құралдарының болуы назарға алынды. Сондай-ақ Комитет төрағасы тиімді әрекет ету және профилактикалық жұмыстарды күшейту бағытында тиісті тапсырмалар беріп, қажетті бағыт-бағдар айқындады.
Жұмыс тобы кеме жүргізушілерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертті. Рейдтің негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Су айдындарындағы қауіпсіздікке бағытталған профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да ұдайы түрде жалғасын табады.
Маңғыстау облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-mangystau/press/news/details/1276678?lang=ru

Жауап қалдыру