
2026 жылдын 16 шілдесінде «Шығысқазжерқойнауы» МД қызметіндегі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықталған, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар Жоспарына сәйкес Департамент ұжымы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының өкілі А.А.Бейсембаевпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы іске асыру мәселелері жөнінде кездесу өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға 2026 жылы күшіне енген заңнаманың негізгі өзгерістері түсіндірілді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті күшейтуге, пара беру уәдесі, ұсынысы мен талабы үшін жауапкершілікті енгізуге, әкімшілік жауаптылыққа тарту мерзімдерін ұлғайтуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын және лауазымды тұлғалардың дербес жауапкершілігін арттыруға бағытталған жаңа шараларға ерекше назар аударылды.
Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, заңнаманың жаңа нормаларын қолданудың практикалық аспектілерін талқылады.
Мұндай іс-шараларды өткізу қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және парасаттылық пен заңдылық қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/geology-ekn/press/news/details/1278203?lang=ru

Жауап қалдыру