
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қапал ауылдық округінің тазалығы мен абаттандырылуын сақтау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
Рейд барысында тұрғындарға санитарлық талаптарды сақтау, аулалар мен іргелес аумақтарды таза ұстау және елді мекеннің тазалығын қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, мал ұстайтын тұрғындарға мал ұрлығының алдын алу бойынша Ақсу ауданы прокуратурасы дайындаған арнайы ақпараттық материалдар таратылуда.
Елді мекеннің тазалығы мен мал-мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – баршамызға ортақ міндет. Бірлесе атқарған жұмыстардың арқасында туған жеріміз Қапалды таза, қауіпсіз әрі жайлы мекенге айналдыра аламыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu-qapal/press/news/details/1277040?lang=ru

Жауап қалдыру