
2026 жылғы 18 тамызда Атырау бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының маманы «Теміржолсу-Ақтөбе» ЖШС сумен қамтамасыз ету станциясының жұмысшылары арасында «Темекі шегу, денсаулыққа зиян» тақырыбында акция өткізді. Акция мақсаты, халықты темекі шегудің теріс салдарларынан, сондай-ақ темекі тұтынудың және темекі түтінінің әсерінің әлеуметтік, экологиялық және экономикалық салдарларынан қорғау болып табылады. Сондай-ақ сумен қамтамасыз ету станциясы жұмысшыларына темекінің зияны мен теріс салдарға әкеп соғатын себептері туралы ақпарат берілді. Темекінің түтінінде өте улы зат, никотин бар, оның уы ағзаға еніп, әуелі тітіркендіреді, одан соң жүйке жүйесіне әсер етеді, қан тамырлары тарылып, шырышты қабаты зақымданады. Ас қорыту жүйесінің, жүрек-қан тамырлары аурулары, қатерлі ісіктер болуы мүмкін. Темекі шегудің теріс салдары, тіл мен еріннің шырышты қабығын зақымдайды, құрғақ жөтелді, жағымсыз иісті, тістердің сарғаюын тудырады, ауыз қуысының инфекцияларына әкеледі, иіс сезімін нашарлатады, қалыпты тыныс алуды бұзады, дененің әртүрлі ауруларға қарсы тұру қабілетін төмендетеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1276390?lang=ru

Жауап қалдыру