
Түркістан қаласының 70 жастағы тұрғыны Рахматулла Аллашев полиция қызметкеріне алғысын білдірді. Ақсақалдың айтуынша, патрульдік полиция қызметкері Сәбит Сүлейменов қызмет атқару кезінде оның жағдайын байқап, көмек көрсеткен.
Оқиға күннің ыстық уақытында болған. Тәртіп сақшысы қарияға су ұсынып, денсаулығын сұрап, қажетті көмек көрсетуге дайын екенін жеткізген. Қарапайым ғана қамқорлықты назардан тыс қалдырмаған Рахматулла Аллашев полиция қызметкерінің адамгершілік танытып, үлкенге құрмет көрсеткеніне ризашылығын білдірді.
– Су ұсынып, жағдайымды сұрады. Қандай көмек керек екенін де білді. Осындай қарапайым қамқорлықтың өзі көңілге қуаныш сыйлайды. Сәбитке алғысымды білдіремін, – деді қария. Азаматтың алғысы полицейдің күнделікті қызметіне берілген оң бағаның бірі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1278165?lang=ru

Жауап қалдыру