
Түркістан қаласында жол қозғалысын реттеу және қауіпсіздікті арттыру мақсатында жол таңбаларын жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
Жоспарға сәйкес жол бөлу сызықтары, жаяу жүргіншілер өткелдері және өзге де жол белгілері Тәуке хан даңғылы, Абай, Төле би, Т. Бегелдинов көшелерімен қатар, орталық және ішкі орам жолдарда жаңартылады.
Қазіргі таңда мектептер маңында және адам көп жүретін аумақтарда жаяу жүргіншілер өткелдерін сызу жұмыстары жалғасуда. Бұл жұмыстар оқушылар мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Жоспарланған жұмыстарды тамыз-қыркүйек айларында толық аяқтау көзделген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1277747?lang=kk

Жауап қалдыру