ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, олардың заңды мүдделерінің сақталуына ықпал етуге бағытталған. Осы тұрғыда есірткінің заңсыз айналымының алдын алу, жастардың құқықтарын қорғау және қауіпсіз болашағын қалыптастыру – қоғам үшін маңызды міндет.

Есірткінің заңсыз айналымы – адам денсаулығына ғана емес, қоғам қауіпсіздігіне және жастардың болашағына тікелей қауіп төндіретін мәселе.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есірткі құралдарын заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, өткізу, дайындау және өндіру қылмыстық жауаптылыққа әкеледі. Сондай-ақ есірткіні насихаттау, заңсыз жарнамалау және адамдарды оны тұтынуға тарту үшін де жауапкершілік көзделген.

Жастар әлеуметтік желілердегі «жеңіл жұмыс», «жоғары табыс» туралы күмәнді ұсыныстардан сақ болуы қажет. Есірткіні жеткізуге немесе таратуға қатысу адамның оқуына, жұмысына, отбасына және болашағына ауыр зардап әкелуі мүмкін.Әр азамат өз құқықтарын білуге және оларды қорғауға құқылы. Құқықтық мәселеге тап болған жағдайда заңда белгіленген тәртіппен адвокаттың немесе заңды өкілдің көмегіне жүгінуге болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1277999?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді