Зейнетақы төлемдерінің мөлшері неге байланысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сұрақ: Зейнетақы төлемдерінің мөлшері неге байланысты?

 

Қазіргі уақытта Қазақстанда зейнетақы үш құрамдас бөліктен құралады: базалық, ынтымақты және жинақтаушы.

Базалық зейнетақы зейнеткерлік жасқа жеткен барлық азаматтарға тағайындалады. Оның мөлшерін айқындау кезінде зейнеткерлік жасқа жеткен күнгі барлық еңбек өтілі ескеріледі. 10 жыл және одан аз еңбек өтілі үшін базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызын немесе 35 596 теңгені құрайды. Ал ең жоғары мөлшері биылғы жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 118 пайызын немесе 60005 теңгені құрайды. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің жыл сайынғы өсуімен базалық зейнетақы мөлшері артады.

Жасына байланысты зейнетақы немесе оны ынтымақты зейнетақы деп атайды, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін кемінде алты ай еңбек өтілі бар азаматтар алады. Оның мөлшері осы кезеңге дейінгі жұмыс өтіліне және орташа айлық табысқа байланысты. Жыл сайын ынтымақты зейнетақы мөлшері инфляция деңгейінен екі пайызға озып индекстеледі.

Жинақтаушы зейнетақы міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерікті зейнетақы жарналарын төлеу арқылы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысатын адамдарға төленеді. Жинақтаушы зейнетақының мөлшері жүйеге қатысу кезеңіне және зейнетақы жинақтарының көлеміне байланысты. Ол неғұрлым көп жинаса, зейнетақы мөлшері соғұрлым жоғары болады

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1277896?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді