ЖАҢА АЯҚЖОЛДАР – ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Көксарай ауылында тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін маңызды инфрақұрылымдық жұмыс қолға алынды.
Қазіргі таңда ауылдағы Қазыбек би және Төле би көшелері бойында жалпы ұзындығы 2,2 шақырым болатын аяқ жол салынуда. Жаңа жаяу жүргіншілер жолы ауыл тұрғындарының күнделікті қатынасын жеңілдетіп, әсіресе балалардың, қарттардың және жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысына қолайлы жағдай қалыптастырады.
Бұл – ауылдың ажарын арттырып қана қоймай, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған нақты жұмыстардың бірі.
Айта кетерлігі, аудан көлемінде жыл соңына дейін жалпы 9,3 шақырым аяқ жол салынып, пайдалануға беріледі. Бұл жұмыстар елді мекендердегі жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын дамытуға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ауыл көшелерінің көркейе түсуіне мүмкіндік береді.
Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының халық алдында есеп беру кездесулерінде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер назардан тыс қалмай, кезең-кезеңімен өз шешімін табуда.
Көксарайдағы аяқ жолдың салынуы – осының нақты дәлелі.
Халықпен жүздесіп, тұрғындардың ұсыныс-пікірін тыңдау, көтерілген мәселелерді зерделеу және мүмкіндігінше шешу – ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды бағыты.
Жайлы көше – қауіпсіз қозғалыс.
Қауіпсіз орта – халықтың әл-ауқатының бір көрінісі.
Көксарай ауылындағы абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту жұмыстары ел игілігі жолындағы нақты істердің жалғасы болмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1277112?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді