
“Жаңа Конституция құндылықтары – бастауыш білім беруді дамытудың бағдары: білім беру тәжірибелері және жасанды интеллект” атты секциялық отырысы
♦️Педагог қызметкерлерінің тамыз конференциясы аясында «Жаңа Конституция құндылықтары – бастауыш білім беруді дамытудың бағдары: білім беру тәжірибелері және жасанды интеллект» тақырыбында секциялық отырысы өткізілді.
👩🏫 Аталмыш іс-шараға жалпы орта білім беретін мекемелерінің бастауыш сынып мұғалімі қатысты.
♦️ Қалалық бастауыш сынып мұғалімдері бірлестігінің жетекшісі Есенгулова Қуралай Жаныбековна «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2026-2027 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатымен таныстырды және жаңа оқу жылындағы бастауыш білім беру ерекшеліктері жөнінде баяндады.
📌 Секция барысында бастауыш білім беруді дамытудың өзекті бағыттары, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сондай-ақ білім беру үдерісінде жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану мәселелері қарастырылды.
♦️Секциялық отырыста педагогтер өздерінің тәжірибелерімен бөлісті:
✓Каспакпаева Жулдыз Сакеновна, «Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназия» КММ, «Сабақтастықтан сауаттылыққа: оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығын дамыту»;
✓Дүйсенбаева Арайлым Мұратқызы, Жундибаева Риза Канапияновна, «Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы» КММ, «Жасанды интеллекті пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын дамыту»;
✓Жантурганова Шнар Сапаркановна, Мухатова Дария Медельбековна, «Семей қаласының №6 гимназиясы» КММ, «ХХІ ғасырдың оқу сауаттылығы: бастауыш мектептегі заманауи білім беру тәжірибелері»;
🖊️Отырыс барысында педагогтер бастауыш білім берудегі сабақтастықты қамтамасыз ету, оқушылардың оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығын дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді ұсынды.
♦️Педагогтер жасанды интеллект құралдарын оқу тапсырмаларын әзірлеуде, оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес білім беру мазмұнын бейімдеуде және сабақтың тиімділігін арттыруда қолданудың практикалық жолдарымен бөлісті. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, заманауи білім беру технологияларын бастауыш мектеп тәжірибесіне енгізудің тиімді жолдарын талқылады.
📌Секциялық отырыс соңында жаңа оқу жылындағы негізгі міндеттер айқындалып, бастауыш білім беру сапасын арттыруға бағытталған әдістемелік жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/1277676?lang=kk

Жауап қалдыру