
Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында жастар арасында құқықтық мәдениетті, азаматтық жауапкершілікті және сайлау үдерісіне деген қызығушылықты арттыруға бағытталған «Жас сайлаушылар мектебінің» кезекті отырысы ұйымдастырылды.
Іс-шараға облыстың қалалары мен аудандарындағы жастар ресурстық орталықтарының өкілдері, жастар ұйымдарының басшылары және белсенді жастар қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар сайлау жүйесінің даму тарихы, Қазақстандағы электоралдық үдерістер, қоғамдық бақылаудың маңыздылығы және жастардың сайлау процесіндегі рөлі жөнінде жан-жақты ақпарат алды.
Спикерлер:
🔹 Жексембекова Венера Абыхановна – Мемлекет тарихы институтының Еуразиялық және саяси зерттеулер бөлімінің басшысы, саяси ғылымдарының докторы, профессор (онлайн форматта)
Тақырыбы: «Қазақстандағы электоралдық үдерістер және жастардың саяси қатысуы»
🔹 Қуанышева Гүлжан Жақсыбайқызы – Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі
Тақырыбы: «Сайлау жүйесінің қалыптасуы: тарих, тәжірибе және қазіргі үрдістер»
🔹 Ерсінбек Өрлеубек – «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Абай облысы филиалының төрағасы
Тақырыбы: «Сайлаудағы қоғамдық бақылау: ашықтық, әділдік және жас сайлаушылардың жауапкершілігі»
Отырыс барысында қатысушылар спикерлермен пікір алмасып, сайлау заңнамасы, азаматтық белсенділік, қоғамдық бақылау және жас сайлаушылардың жауапкершілігіне қатысты өзекті сұрақтарға жауап алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhastar-basqarmasy/press/news/details/1277241?lang=ru

Жауап қалдыру