Екібастұзда ұлы Абайдың рухына тағзым етті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

10 тамыз – ұлы қазақ ақыны, ойшылы әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының туған күні.

Осы күні Екібастұзда қоғам өкілдері, ардагерлер мен жастар ұлы Абайдың рухына тағзым етті. Тағзым рәсіміне Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин де қатысып, ұлы ойшынды еске алды. Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Абайдың артында мол әдеби әрі философиялық мұра қалды. Оның шығармалары бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпай, білімге, адал еңбекке, әділдікке, жауапкершілікке және үнемі өзін-өзі жетілдіруге үндейді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай мұрасының қазіргі Қазақстан үшін айрықша маңызын бірнеше рет атап өтіп, ұлы ойшылдың мәдениетті дамытуға және ұлттық сананы жаңғыртуға қосқан зор үлесіне назар аударды.

Ұлы ойшылдың идеяларының жас ұрпақтың жүрегінен орын табуы – аса маңызды. Білімге ұмтылу, еңбекқорлық, адалдық және дамуға деген талпыныс – қай заманда да маңызын жоймайтын құндылықтар.

Абайдың мұрасы ұрпақтар сабақтастығын жалғап, қоғамның рухани дамуына қызмет етіп, болашаққа бағыт-бағдар беруді жалғастыра береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1278434?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді