Петропавлдық патрульдік полицейлер жарақат алған ер адамды ауруханаға шұғыл жеткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әлеуметтік желіде жас жігіттің Петропавл патрульдік полицейлеріне алғысын білдірген видеосы жарияланды. Ол полицейлердің әкесін санаулы минут ішінде ауруханаға жеткізгенін айтқан. Қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны қызметкерлері осы оқиғаның мән-жайын айтып берді.

20 тамыз күні сағат 18:00 шамасында қалалық полиция экипажы Спорт сарайының маңында қызмет атқарып жүрген кезде көмек қажет деген хабарлама түскен. Шамамен 60 жастағы ер адамның қолы жарақаттанып, қатты қан кеткен.

Патрульдік полиция батальонының аға инспекторы, полиция капитаны Қуаныш Лябаев пен инспектор, полиция аға лейтенанты Азамат Қоржанкулов дереу әрекет ету туралы шешім қабылдады. Ер адамды қызметтік көлікке отырғызып, жарық және дыбыс сигналдарын қосқан күйде бес минут ішінде Тауфик Мұхамед-Рахимов көшесіндегі медициналық мекемеге жеткізді. Осыдан кейін полицейлер қызметтерін жалғастырды.

Мұндай жағдайлар патрульдік полиция қызметінде аз кездеспейді. Бұл бөлімшенің инспекторлары күн сайын оқиғаның ортасында жүріп, адамдарға көмектеседі, өмірін құтқарады, қауіпке барады. Алайда қызметтің қарбаластығы мен полицейлердің қарапайымдылығына байланысты осындай көптеген әрекет көпшілікке беймәлім болып қалады.

Бұл оқиға «Заң мен тәртіп» қағидатының қатаң шаралардан емес, адамға ең қажет сәтте көмек көрсетуге дайын болудан басталатынын көрсетеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1278400?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді