
Түркістан қаласында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында патрульдік полиция қызметкерлері рейдтік іс-шара өткізді. Шара барысында полицейлер жаяу жүргіншілер көп шоғырланатын көшелер мен жол учаскелерінде бақылау жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.
Нәтижесінде тамыз айының басынан бері жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен 2 мыңға жуық жаяу жүргінші анықталып, оларға қатысты әкімшілік шара көрілді. Сонымен қатар бейнебақылау камералары арқылы жаяу жүргіншілерге жол бермеген 68 жүргізуші анықталып, заң аясында шара қабылданды.
Мәселен С.Ерубаев көшесінде патрульдік полиция қызметкерлері Daewoo Nexia автокөлік жүргізушісінің жаяу жүргіншіге жол бермегенін анықталып, заң аясында жауапқа тартылды.
Полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларды жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Жүргізушілер жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда жылдамдықты төмендетіп, жаяу жүргіншілерге жол беруге міндетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1278354?lang=ru

Жауап қалдыру