Астана әкімі Құрылтай сайлауында дауыс берді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында Құрылтай сайлауында дауыс бергені туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Бүгін Қазақстан Республикасы Құрылтайы
депутаттарының сайлауында дауыс бердім. Бұл – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға. Жаңа Конституцияға сәйкес, Құрылтай заң шығару билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді органға айналады.

Мемлекет басшысы атап өткендей, «Құрылтай әралуан көзқарас пен ұлт келешегі жолындағы ұмтылыстар тоғысатын біртұтас алаң болуға тиіс. Осылайша, Құрылтай ел жаңғыруына тың серпін беретін құрылымға айналмақ».

Сайлау – әрбір азаматтың өз ұстанымын білдіріп, елдің алдағы даму бағытын айқындауға тікелей қатысуына мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық үдеріс.
Астанада дауыс беруге барлық қажетті жағдай жасалған. Сайлау учаскелері штаттық режимде жұмыс істеп тұр», – деп жазды әкім.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1278465?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді