
Бүгін, 23 тамызда, Атырау облысында Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дауыс беру үшін 278 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Өңір бойынша сайлаушылар тізіміне 428127 адам енгізілген.
Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Әсия Қыстаубаеваның айтуынша, дауыс беру 278 сайлау учаскесінде өтуде. Сайлау процесін 9 аумақтық және 278 учаскелік сайлау комиссиясы қамтамасыз етеді. Олардың құрамында 2101 адам жұмыс істеп жатыр.
Тұрғындарға ақпараттық қолдау көрсету үшін облыста 10 call-орталық жұмыс істейді. Сонымен қатар, сайлаушылар өздерінің сайлау учаскесін, дауыс беру тәртібін және сайлауға қатысты басқа да қажетті ақпаратты білу үшін Telegram-ботты пайдалана алады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1278450?lang=ru

Жауап қалдыру