Бейбіт Исабаев: «Құрылтай Қазақстанның өсіп-өркендеуіне лайықты қызмет етеді деп сенемін»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Қазақстан тарихында тұңғыш рет өтіп отырған Құрылтай сайлауында дауыс берді. Ол зайыбымен Талдықорғандағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында орналасқан №389 сайлау учаскесіне келді. Өңір басшысы бұл сайлаудың елдің алдағы өсіп-өркендеуіндегі маңызын атап өтті, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

– Мен өзімнің Қазақстан Республикасының азаматы ретіндегі конституциялық құқығымды пайдаланып, ел тарихында бірінші рет сайланып отырған Құрылтайдың сайлауына қатып, өз таңдауымды жасадым. Сол арқылы еліміздің болашағына, экономикалық-әлеуметтік дамуына, мемлекеттің қуаттылығы мен тұрақтылығына дауыс бердім. Жаңадан сайланып отырған Құрылтай Қазақстанның өсіп-өркендеуіне лайықты қызмет етеді деп сенемін, – деді Б. Исабаев.

Атап өтсек, облыстағы сайлаушылардың жалпы саны 443 220 адам, оның 5 503-і алғаш рет дауыс береді. Өңірде 468 сайлау учаскесі бар, олар таңғы сағат 7.00-ден бастап жұмыс істейді, оның ішінде 428-і азаматтардың тіркелген жері бойынша, 40-ы қолжетімділігі шектеулі учаскелер, оның ішінде: әскери бөлімдер, уақытша ұстау изоляторлары), стационарлық емдеу-профилактикалық мекемелері, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы бар.

Облыс көлемінде 184 учаскеде азаматтарды тіркеуді тексеру бойынша онлайн-сервис,  5 учаскеде азаматтарды тіркеу бойынша сервис жұмыс істеуде.

Ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың кедергісіз дауыс беруін қамтамасыз етуге сайлау учаскелерінде ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, тактильді көрсеткіштер, пандустар, кресло-арбаларды пайдаланатын сайлаушыларға арналған арнайы кең кабиналар, Брайль қарпімен жазылған трафареттер, аудиоматериалдар, құлаққаптар, ұлғайтқыш әйнектер, сондай-ақ зағип және нашар көретін сайлаушыларға арналған бағдарламалық шешімдер орнатылды. 33 «Инватакси» автокөлігі жұмылдырылуда.

Сайлаудың ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету үшін 479 комиссия жұмыс істеуде, оның 11-і аумақтық, 468-і учаскелік комиссия. Жалпы, бұл жұмысқа 2 989 комиссия мүшесі қатысып, дауыс беру барысын бақылап, ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асыруда.

Барлық сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотограф: Дмитрий Ерофеев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu/press/news/details/1278498?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді