Ербол Мырзабосынов Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берді.

Министрлік басшысы азаматтардың еліміздің жаңа өкілді органын қалыптастыруға қатысуының маңыздылығын атап өтті.

«Бүгін Қазақстанның саяси дамуындағы маңызды кезең. Сайлауға қатысу – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі әрі әр азаматтың ел болашағына өз үлесін қосу мүмкіндігі», – деді Ербол Мырзабосынов.

Дауыс беруге сондай-ақ Министрлік қызметкерлері, еліміздің түкпір-түкпіріндегі спорт және туризм саласының өкілдері келіп жатыр. Шетелде жүрген қазақстандық спортшылар, жаттықтырушылар және саланың басқа да өкілдері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жанынан ашылған сайлау учаскелерінде өздерінің сайлау құқығын жүзеге асырады.

Бүгін спорт және туризм қауымдастығының өкілдері еліміздің барлық азаматтарымен бірге маңызды қоғамдық-саяси шараға қатысады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1278571?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді