
23 тамызда қалалық татар башқұрт этномәдени бірлестігінің белсенділері №16 сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай депутаттарының сайлауында өз таңдауын жасады.
Ұлттық киіммен келген бірлестік өкілдері дауыс беру рәсіміне белсенді қатысып, елдің қоғамдық саяси өміріндегі маңызды науқанға өз үлестерін қосты. Олардың сайлау учаскесіне бірге келуі азаматтық белсенділік пен қоғамдық жауапкершіліктің жарқын көрінісіне айналды.
Татар башқұрт этномәдени бірлестігі Шымкенттің қоғамдық өміріне белсенді араласып, ұлттық мәдениет пен салт дәстүрді дәріптеуге үлес қосып келеді.
Бірлестік мүшелерінің сайлауға қатысуы да ел болашағына қатысты ортақ жауапкершілікті сезінетінін көрсетті.
Ұлттық нақыштағы киімдерімен келген белсенділер сайлау учаскесіне ерекше көрік беріп, сайлау күнінің мазмұнын айшықтай түсті. Бұл көрініс Қазақстандағы қоғамдық келісім мен түрлі этнос өкілдерінің ел өміріне белсенді араласуының жақсы үлгісін көрсетті.
Өз таңдауын жасаған бірлестік мүшелері осылайша азаматтық құқықтарын пайдаланып, елдің болашағына қатысты маңызды қоғамдық үдеріске қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1278574?lang=ru

Жауап қалдыру