
Бүгін Мақат ауданындағы №209 Байгетөбе мектеп-бөбекжай кешеніндегі сайлау учаскесіне бір әулеттің үш ұрпағы – ата, әке және немересі бірге келіп, өз таңдауларын жасады.
Үш буынның бірлесе сайлауға қатысуы – азаматтық белсенділіктің және ел болашағына деген ортақ жауапкершіліктің айқын көрінісі болды.
Сайлау учаскесіне келген аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Ерғазы Жоламанов әр азаматтың таңдауы елдің ертеңі үшін маңызды дейді.
«Бүгінгі сайлауға отбасыммен бірге келіп, азаматтық міндетімізді орындадық. Ел болашағы үшін әр адамның өз таңдауын жасап, дауыс беруі маңызды деп ойлаймын», – деді Ерғазы Жоламанов.
Айта кетейік, сайлау учаскелері таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Осы уақыт аралығында тұрғындар келіп, өз азаматтық құқықтарын пайдалана алады. Еске сала кетелік, Атырау облысында 278 сайлау учаскесі жұмыс істеуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1278489?lang=ru

Жауап қалдыру