МАҚТААРАЛДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУШЫЛАР САЙЛАУ БАРЫСЫН БАҚЫЛАУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына орай Мақтаарал ауданындағы дауыс беру процесінің өту барысын бақылау мақсатында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) арнайы байқаушылары ауданға келді.
Халықаралық байқаушылар сайлау учаскелеріндегі дауыс беру процесінің ұйымдастырылуын бақылап, сайлау рәсімдерінің белгіленген талаптарға сәйкес өткізілуіне назар аударуда.
Байқаушылардың негізгі міндеті – дауыс беру процесінің барысын тәуелсіз бақылау, сайлаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына назар аудару, сондай-ақ сайлау рәсімдерінің белгіленген заң талаптарына сәйкес жүргізілуін бағалау.
Атап айтқанда, халықаралық байқаушылар сайлаушылардың дауыс беру тәртібінің сақталуын, учаскелік сайлау комиссияларының жұмысын, азаматтарға жасалған жағдайды және сайлау процесінің ашықтығын бақылауда. Сонымен қатар, сайлау аяқталғаннан кейінгі маңызды кезеңдердің бірі – дауыстарды санау процесі де халықаралық байқаушылардың назарында болады.
Олар дауыс санау рәсімінің белгіленген тәртіппен жүргізілуін бақылап, сайлау процесінің қорытынды кезеңіне де мониторинг жасайды.
Мақтаарал ауданында ЕҚЫҰ байқаушыларының болуы – сайлау процесіне халықаралық бақылаудың жүргізіліп жатқанын көрсетеді. Байқаушылар сайлау учаскелеріндегі ахуалды зерделеп, дауыс беру процесінің ұйымдастырылуына қатысты өз бақылауларын жинақтауда.
Айта кетейік, Мақтаарал ауданында Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына арналған 62 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр. Барлық учаскелерде сайлаушылардың өз таңдауын еркін жүзеге асыруы үшін қажетті жағдайлар жасалған.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/press/news/details/1278517?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді