
Шымкент қаласындағы Көрме орталығында орналасқан №360 сайлау учаскесіне елге танымал «Қазына» би ансамблінің өнерпаздары келіп, өз азаматтық таңдауын жасады.
Ұлттық өнерді ұлықтап, қазақ биінің көркемдігін халықаралық сахналарда танытып жүрген шығармашылық ұжым мүшелері ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысу арқылы азаматтық жауапкершілігін танытты.
Дауыс беруге ұлттық нақыштағы сәнді киімдерімен келген өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салып, сайлау учаскесіндегі тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Қазақ биінің қимыл өрнегі мен ұлттық киімнің жарасымы сайлау күнінің айрықша көрінісіне айналды.
«Қазына» би ансамблі қазақтың би өнерін дәріптеп, ұлттық мәдениетті насихаттап келеді. Өнерпаздардың сайлау учаскесіне бірге келіп, өз таңдауын жасауы елдік құндылық пен азаматтық жауапкершіліктің өзара сабақтастығын көрсетті.
Осылайша, өнер иелері ел болашағына қатысты маңызды қоғамдық науқанға өз үлесін қосып, азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1278536?lang=ru

Жауап қалдыру