ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Аскарбек Ертаев Қазақстан Республикасының бір палаталы Парламенті – Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берді.

Ведомство басшысы таңертең №117 жалпы білім беретін мектеп ғимаратында орналасқан сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруге қатысты.

«Бүгін – еліміз үшін тарихи күн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, жаңа бір палаталы Құрылтайға өтетін алғашқы сайлау барлық азаматтардың игілігіне бағытталған жаңа реформалардың бастау нүктесі болып, Қазақстанның қазіргі тарихында жаңа кезеңнің негізін қалайды. Бұл – еліміздің одан әрі даму бағытын айқындайтын маңызды кезең. Бүгін әрбір азамат өзінің азаматтық ұстанымын білдіріп, Қазақстанның болашағына өз үлесін қоса алады. Осы маңызды оқиғаға қатысуды азаматтық парызым деп санаймын», – деді Аскарбек Ертаев.

Құрылтай депутаттарын сайлау – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға әрі Қазақстан Республикасының бір палаталы Парламентінің жаңа құрамын қалыптастырудағы маңызды кезең.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/1278475?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді