
Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Қызылжар шағын ауданындағы Пайзахметов көшесінің тұрғындары Құрылтай сайлауына белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда.
Аталған көшеде қазақ, өзбек, орыс, әзірбайжан және басқа да этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бүгін олар бір ауыздан сайлау учаскесіне келіп, азаматтық белсенділіктерін танытып, өз дауыстарын беруде.
Бұл – еліміздегі қоғамдық келісім мен бірліктің, түрлі этнос өкілдерінің ортақ құндылықтар төңірегінде топтасуының айқын көрінісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1278616?lang=ru

Жауап қалдыру