ТАҢДАУ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНА ДЕГЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ТАҢДАУ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНА ДЕГЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК
 
Бүгін еліміз үшін маңызды саяси науқан – Құрылтай сайлауы өтуде. Осыған орай Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов Жетісай қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде орналасқан №197 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
 
Аудан басшысы сайлау учаскесіндегі дауыс беру барысымен танысып, азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыруына қажетті жағдай жасалғанына назар аударды.
 
«Құрылтай сайлауы – ел болашағына қатысты маңызды таңдау. Әрбір азаматтың дауысы – қоғамның ертеңіне қосылған үлес. Сондықтан, сайлауға жауапкершілікпен қатысып, елдің дамуы мен тұрақтылығына қызмет ететін бастамаларды қолдау – баршамызға ортақ міндет. Бірлікпен жасалған таңдау – жарқын болашақтың берік негізі.
Бүгінгі тарихи таңдауда аудан тұрғындарының азаматтық ұстанымын білдіріп, ел ертеңі үшін белсенділік танытып жатқаны – үлкен жауапкершіліктің көрінісі» деді Серік Үсенұлы.
 
Айта кетейік, Жетісай ауданындағы 75 сайлау учаскесі сайлаушыларды қабылдауды уақытылы бастады. Аудан бойынша дауыс беруге құқығы бар 102 183 азамат тіркелген. Олардың қатарында биыл 18 жасқа толып, алғаш рет сайлауға қатысып отырған 1719 жас болса, 16 жас кәмелет жасына бүгін толып отырғандар.
 
Дауыс беру учаскелері азаматтарды кешкі сағат 20:00-ге дейін қабылдайды. Бүкілхалықтық маңызды науқанға қатысу – әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін білдіретін маңызды қадам.
 
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-zhetisai/press/news/details/1278629?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді