
Бүгін елімізде тарихи саяси науқан – Құрылтай депутаттарының сайлауы өтуде. Тараз қаласында таңғы сағат 07:00-ден бастап сайлау учаскелері ашылып, дауыс беру басталды.
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков №41 сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады.
Қазіргі таңда шаһарда 155 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Онда 295 155 сайлаушының дауыс беруі үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Учаскелер белгіленген талаптарға сай жабдықталып, сайлау процесінің талапқа сай өтуі қамтамасыз етілген.
Саяси науқанның ашықтығы мен заң талаптарының сақталуы сайлау комиссияларының мүшелері мен байқаушылардың басты назарында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1278524?lang=ru

Жауап қалдыру